27
наурыз
2024
«Педагогикалық зертхана» тақырыбындағы қалалық ашық есік күні
Семей қаласы № 8 мектеп-кешенінде қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 27.03.2024 ж. «Педагогикалық зертхана» тақырыбындағы қалалық ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде химия пәнінің мұғалімдеріне Акажанова Гульмира Кажыгельдыевна тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастырды. "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу" тақырыбында практикалық жұмыс жасап, сутектің, оттектің аммиактың ерекшеліктеріне тәжірибелер жүргізілді. Жұптық жұмыста тарсия, qr-код есептер тәсілдері қолданылды. Feedback барысында әдістемелік іс шара жоғары дәрежеде өткендігі байқалды. Қатысушылар ризашылығын білдірді.