"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" экологиялық акция
Дана халқымыз "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" дегенді бекер айтпаса керек. Сол ізбен жалғасқан сара жол бүгінде алдыңғы аға буынның да басты ұстанымына айналғандай. Бүгін Қарағайлы шағын ауданында Семей қаласы №8 мектеп-кешенінің ұстаздары қалалық білім бөлімімен бірлесе ағаш отырғызып игілікті іс атқарды.