Семей қаласы білім бөлімінің «№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ 21.05.2025ж. дарынды балалармен жұмысты үйлестіруші директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Абишеваның ұйымдастыруымен дәстүррлі «Дарынды бала – ұлт болашағы» атты дарынды балалар шеруі өтті. Шеруге 100-ге жуық дарынды оқушылар және оларға жетекшілік еткен мұғалімдер және ата-аналар қатысты. Шеру барысында мектебімізді қала, облыс, республика, халықаралық көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі шәкірттеріміз «Мектеп мақтанышы-2025» медалімен марапатталды. Оқушыларды білім бәйгесіне баптаған пән мұғалімдері мектеп директоры Б.К.Курмангалиеваның Алғыс хатына ие болды.
Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Мектебімізді қала, облыс, республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді мақтан етеміз.