20
наурыз
2023
“ Сабақты зерттеу - оқыту мен оқу сапасын жақсартудың тиімді тәсілі” коучинг өткізді
№8 мектеп-кешенінде 20- наурыз 2023 жылы, директордың ғылыми - әдістеме жөніндегі орынбасары Абишева Райхан Армиевнаның бастауымен педагог зертеуші ұстаздар: Айтказина Арайлым (қазақ тілі), Бұянбаева Алма (қазақ тілі) коучинг өткізді. Коучинг тақырыбы: “ Сабақты зерттеу - оқыту мен оқу сапасын жақсартудың тиімді тәсілі”. Мақсаты: Мектепте кәсіби даму ортасын қалыптастырудың жолдары туралы ой бөлісу”. Сабақты зерттеу ( Lesson Study) әдісінің тарихына шолу жасап, әр топтарға қазіргі өзекті тақырып Lesson Study арқылы әр топ ойбөліс жасады. Қазақ тілі пәні мұғалімдері Арайлым Айтказина, Алма Бұянбаева терең де, ұтымды ойларын айтып, топ мүшелеріне ой тастап отырды. Мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісіп, негізгі ұғымы - бірлесу:
1. Бірлесе зерттеу, 2.Бірлесе жоспарлау, 3. Бірлесе бақылау, 4. Бірлесе талқылау, ұжымдық рефлекция, 5. Бірлесе жақсарту. Әр топ флипчартқа зерттеу сабағының мақсатын, жоспарын, жүргізу барысын жазып, түсіндіріп берді. Кері байланыста мұғалімдер тақырыптың өзекті екенін және зерттеу сабағы туралы жалпы мағлұмат алғандарын айта кетті. Коучингтің соңына Райхан Армиевна келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтай келе, әр мұғалімге шығармашылық табыс тілеп, “-Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін! “ деп коучинг нүктесін қойды.