Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті» сыбайлас жемқорлық тәуекелді болдырмау бағыты бойынша атқарылған жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әр азаматтың міндеті» сыбайлас жемқорлық тәуекелді болдырмау бағыты бойынша атқарылған жұмыстар
№ 8 мектеп-кешенінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру ҚР 2015 жылғы 18 қараша № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңына, ҚР "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 63 бабы /№ 319-ІІІ 27 шілде 2007 ж/, және ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысын негізге ала отырып жүргізілуде.
Мектеп директорының 2021 жылдың 17 қарашадағы «Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау туралы» №87 бұйрығы бойынша директордың тәрбие ісінің орынбасары Е.А.Саньязов әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл болып және жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы:
- Курмашев Т.Т. – директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары
- Абишева Р.А. - директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары
3. Жакыпова Ж.Б. – кәсіподақ ұйымының төрайымы
4. Айбек Асел – ата-аналар комитетінің төрайымы
5. Ахмеджанов А.Т.– қамқоршылық кеңесінің мүшесі
2022-2023 оқу жылына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектепішілік атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар негізінде жұмыстар жүргізіуде. Оқу жылы басталысымен директор жанындағы кеңесте мектеп ұжымы «Семей қаласы бойынша білім бөлімі» ММ нің 26 тамыз 2022 жылғы «Заңсыз ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы» № 01-04/552 бұйрығымен таныстырылды.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтарының қорғау , психологиялық, педагогикалық және құқықтық көмек көрсету және олардың проблемаларын шешу мақсатында жұмыс жүргізу үшін «Сенім жәшігі» ұйымдастырылды. Сенім жәшігі бірінші қабатта орнластырып, аптасына бір рет журналға тіркеу жұмыстарын мектеп психологтары Хасенова Мариам Максутовна мен Нурланова Айгерім Армановна жүргізеді. «Сенім жәшігіне» немесе 8mektepsenim@mail.ru электронды поштасына оқушылар, ата-аналар, педагогтар ұсыныстарын, өтініштерін жолдай алады. Бүгінгі таңда «сенім жәшігінде» өтініштер тіркелмеді. Бюджеттік қорды қолданудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету және оларды шығындау бойынша ақпарат ата-аналарға арналған «Ашық бюджет» стенді арқылы және мектептің сайтында жариялану арқылы жүзеге асады.
Еңбек тәртіп ережелері мәселесі бойынша «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 432 бұйрығына сәйкес арнайы комиссия құрылды. 2022 жылы жалпы мектепке педагог лауазымына қабылданған 5 қызметкердің құжаттары «талапқ сай» деп танылып, бір ауыздан қабылдансын деген шешім шығарылды.
«Сыбайлас жемқорлық және мектептің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес отбасынан басталады» тақырыптарымен ата-аналар жиындарында, дөнгерк үстел барысында ақпараттар берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ата-аналарға, ұстаздарға арналған ақпарат стенд материалдарын жаңартылып отырады.
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуге байланысты мектепішілік іс шараларды ұйымдастырудың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, оқушылардың еліне, жеріне деген өз ой - пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау, болашақта өз еліне адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге тәрбиелеу. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысын ерекше айтып өтуге болады. «Адал ұрпақ» еріктілер клубын тарих пәнінің мұғалімі Кабдуллин Талғат Бекенович жетекшілік жасайды. 15 оқушыдан құралған клубтың арнайы жоспары жасақталған және сол жосрар негізінде жұмыстар жүргізілуде. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барынша тиімді шараларын қалыптастыру үшін құқық-қорғау органдары өкілдерімен кездесулер, «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Атап айтсақ 17.01.2023 ж N6 және мектеп кітапханасында 8-11 сыныптар арасында «Жемқорлықпен күрес - ортақ міндетіміз” атты танымдық сағат өтті. 26 қаңтар 2023 жылы Затон Полиция бөлімінің қызметкерлері майор Е.Б.Байхонов және аға лейтенант А.Кунафина «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 7-10 сынып оқушыларымен әнгіме жүргізіп, осы мәселеге байланысты ҚР Заңының кейбір тармақтарымен таныстырды.
«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» деп Шоқан Уалиханов айтқандай мектебімізде адал ұрпақ тәрбиеленіп жатқаны қуантады. «Адалдық сағаты» тақырыптарындағы оқушылар арасында тәрбие сағаттарын өткізу нәтижесін беруде. Мысалы 6 «б» сынып оқушсылары бірнеше рет жоғалған затты /ақшаны/ иесіне қайтаруға дұрыс әрекет жасап өз жасындағы балаларға үлгі бола білді.
" Әлемнің ғажайып 4 тірегі " атты апталықта тарих пәнінің мұғалімі Мухаметкаримов Дидар Нұрланұлы "Өз құқығыңды білесіңбе?" тақырыбында 7-сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс өткізіп, әділдік, адалдық, жаупкершілік сынды қасиеттерге тоқталып өтті.
Қорытындылай келе мектепте заңнамаларға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері оқу-тәрбие процесінде жүргізілуде, «Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобы мүшелері келесі жұмыстарға талдау жүргізіп, қорытынды жасады:
1) мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ;
2)мектептің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі: , оқу-тәрбие ісінің орынбасарлары: М.А.Тусупова, Р.А.Абишева, Т.Т.Курмашев, Е.А.Саньязов, Ж.К. Сакыпджанова тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ;
3) 2021-2022 оқу жылында бюджет қаражатын бөлу және игеру бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мониторингі бойынша заң бұзушылық фактілер орын алған жоқ.