06
мамыр
2023
"Балалардың игілігі үшін" атты республикалық акция
6.05.2023 жылы "Балалардың игілігі үшін" атты республикалық акция аясында 1 "б", 1"ә" сынып оқушыларының ата-аналарымен «Бала мен ата-ана бақыты" тақырыбында танымдық жиын өтті. Қазіргі таңдағы бала тәрбиесіндегі, мінез-құлқындағы негізгі мәселелер туралы ата-аналармен талқылай келе Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан даналыққа» отбасы хрестоматиясының 4 басылымындағы «Зейіннің бұзылуы», «Құрал және құндылық», «Қауіпті қамқорлық» тақырыпшаларына тоқталып, бала бойына құндылықтарды сіңіруде ата-аналаға қосымша кеңестер, әдебиеттер ұсынылып , педагогикалық басшылық жасалды. Сонымен қатар жазғы демалыс уақытында қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтар берілді. Сынып жетекшілері: Максутова А.К., Ахметова Қ С.
