"Жас мамандар" мектебіне арналған кезекті "Жұмадағы жүздесу" 19.04.2024 ж ашық алаңы
"№8 ЖОББ көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені" КММ-де "Жас мамандар" мектебіне арналған кезекті "Жұмадағы жүздесу" 19.04.2024 ж ашық алаңда математика пәні мұғалімі, жас маман Сағидуллина Меруерт Сериковна математика пәнінен "Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш" тақырыбына есептер шығару және қазақ тілі пәні мұғалімі жас маман Саят Қырмызы Қанатқызы қазақ әдебиеті пәнінен сабақ тақырыбы “Нағыз әже қайда?” атты ашық сабақтар беріп, жас мамандар іс-тәжірибелерімен бөлісті. Әр жұмада жүргізілетін алаңда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.А. Тусупова және жас мамандар сабаққа талдау жасап, оң пікірлерін білдірді. Мақсаты: "Жас мамандардың кәсіби жұмыстарына қолдау жасау, әдістемелік көмек беру."