№8 ЖОББМ кешенінде мектеп және №32388 әскери бөлімшенің арасында меморандумға қол қойылды
2024 жылғы 26 қыркүйек күні №8 ЖОББМ кешенінде мектеп және №32388 әскери бөлімшенің арасында меморандумға қол қойылды. Меморандум мақсаты – оқушы бойындағы патриоттық тәрбиені дамыту, жастарды жоғары рухани-адамгершілік , азаматтық құндылықтарға тәрбиелеу. Мектеп директоры Б Курмангалиева және әскери бөлім командирі полковник С. Кусаинов екі жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, бұдан әрі ынтымақ нығая түсетініне сенім білдіріп, оқушыларға әскери патриоттық, ұлтжандылық жайлы жалынды сөздер мен тілектерін айтты.