04
желтоқсан
2024
Астана қаласында 1-4 желтоқсан аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық баланың қатысуымен «Тең мүмкіндіктер» атты республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті.
Астана қаласында 1-4 желтоқсан аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық баланың қатысуымен «Тең мүмкіндіктер» атты республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті. «Тең мүмкіндіктер» фестивалі «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстанның Бочча федерациясы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, спортты дамыту диррекциясы және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Фестиваль спорттық жарыстар арқылы балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Фестивальге Абай облысы атынан Семей қаласындағы №8 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінен М.А. Асқарбаеваның жетекшілігімен 6 «Б» сынып оқушылары: Абылаев Нұрасыл, Болатбек Айару, Ерлан Айшадан құралған «Жалын» командасы қатысты. «Жалын» командасы Бочча сайысы бойынша сынға түсті. Фестиваль ерекше қажеттілігі бар оқушыларды қолдауда, оларды басқа балалармен мүмкіндіктері тең екенін сезінуде ықпалы мол болды.
Қазақстан Республикасының әр түрлі өңірлерінен келген қатысушылар арасында Семей қаласы №8 мектеп-кешенінің «Жалын» командасы І орынға ие болды. Команданы жеңісімен құттықтаймыз.