08
қаңтар
2025
Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінде кезекті педагогикалық кеңес өтті.
Семей қаласы № 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінде кезекті педагогикалық кеңес өтті. Мектебіміздің директоры Қурмангалиева Бақытгүл Қадылбекқызы өзекті болып тұрған мектеп аттестатциясы туралы нақты да, толық мәлімет беріп кетті. Директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тусупова Мария Абылкаевна сыныптардың 2 - тоқсан бойынша білім сапасы мен үлгерімі туралы мониторингті диаграмма арқылы көрсетіп, жалпы қай сыныптарға білім сапасын көтеру керектігін айқындады. 9, 11 - сыныптарда өтетін жазба жұмыстарын қалай жазуды үйретудегі жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрсету үшін пән мұғалімдеріне Мария Абылкаевна тапсырма берген. Сол негізде " Оқушы үні" айдарымен түсірілген шағын бейнежазбамызды көрсеттік. Қазақ тілі пән мұғалімдері: Сапышова Гүлнар, Айтказина Арайлым математика пәні мұғалімдері: Байгожина Сандуғаш М пен Мукатаева А.К. жүргізіліп жатқан жұмыстарымыз туралы есеп бердік.
Директордың ғылыми - әдістемелік жөніндегі орынбасары Абишева Райхан Армиевна бейнежазба көрсету арқылы " дарынды " деген ұғымды анықтатып, топтарға бөлінген мұғалімдерге тапсырмалар берді. Дарындылық моделі жасалғаннан соң, постер қорғалды. Ия, ұстаздардың ойлау логикалары керемет екен! Әр топтың өз ерекшеліктері "тайға таңба басқандай" көрініп тұрды. Бастауыш мұғалімі Қозыбаева Қаламқастың постер қорғау барысындағы ойын ерекше жеткізді. Биология пәні мұғалімі Құрмашев Тоқтар жасаған модельдерін " Хаус" деп атауы, креативті болды. Біздің топтан қазақ тілі пәні мұғалімі Бұянбаева Алма Ыбырай Алтынсариннің әңгімесінен үзінді оқып, ағылшын пәні мұғалімі Нұрбек Рухия " Ағаш тамыры таланттың негізі,
бұтақтары оның кеңеюі мен жетілу" деуі жасаған постеріміздің мағынасын айшықтай түсті. Кері байланыс Padlet тақтасы бойынша сілтеме арқылы жасалды. Педагогикалық кеңес өте жақсы өтті! Ұстаздардың жаңа қарқынмен жаңа белесті бағындыратынына сенімдемін!
#біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей