29
қаңтар
2025
10 сынып оқушыларының ата-аналарына мектептің кәсіби бағдар берушісі А.Е.Берікбаева мамандықты таңдау және бейіндік пәндер туралы ақпарат берді.
29.01.2025 ж Семей қаласы №8 мектеп-кешенінің 10 сынып оқушыларының ата-аналарына мектептің кәсіби бағдар берушісі А.Е.Берікбаева мамандықты таңдау және бейіндік пәндер туралы ақпарат берді. Оқушының мамандық таңдауда ата-аналармен бірлігінің маңызын түсіндірді, ұсыныстар берілді. Сонымен қатар оқушылармен жоспар бойынша жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстарымен таныстырды.
