18
сәуір
2025
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының еңбек және кәсіби біліктілік айы аясында және «Тұлғамен жүздесу» жобасы жоспарына сәйкес қазақ тарихының жанашыры, белгілі тарихшы, археолог, профессор Исин Амантай Исаұлымен кездесу

Семей қаласы білім бөлімінің «№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ 18.04.2025 ж. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының еңбек және кәсіби біліктілік айы аясында және «Тұлғамен жүздесу» жобасы жоспарына сәйкес қазақ тарихының жанашыры, белгілі тарихшы, археолог, профессор Исин Амантай Исаұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған аймақтық азаматтарына қарап оқушылардың бой түзеуіне, өзін өзі тәрбиелеуіне ұйытқы болу. Оқушы мен тұлға арасындағы диалогтық қарым-қатынас арқылы тұлға дамуын қамтамасыз ету. Өскелең ұрпаққа үлгі ету, жаңа заман талабына сай жастар толқынын қалыптастыру.
Кездесуге мектептің жас мамандары, Шәкәрім университетінің тарих кафедрасының студенттері және 48 оқушы қатысты. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.
Ұйымдастырушылар: Сакыпджанова Ж.К., Толеуқоңыр А.Ж., Тайтолеуова Р.К., Кабдуллин Т.Б., Дюсембаева А.М.