11
қыркүйек
2025
«Жас өспірімдік кезең: сенімді қарым-қатынасты сақтау жолдары» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды.
Семей қаласы білім бөлімінің «№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ 11.09.2025жыл Абай облысы білім басқармасы «Өңірлік психологиялық әдістемелік қолдау орталығы» КММ «Бала әлемі: түсіну, қолдау, қорғау» атты облыстық ата-аналар мен педагогтер сессиясының тұжырымдамасына сәйкес «Жас өспірімдік кезең: сенімді қарым-қатынасты сақтау жолдары» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Жасөспірімдердің эмоциялық ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге көмектесу, өзара қарым-қатынасты үйлесімді құруға үйрену және ең бастысы – баланың осы күрделі, бірақ маңызды кезеңінде онымен сенімді әрі жақын қатынасты сақтап қалу.
Ұйымдастырушы: Мектеп психологы Нұржанова А.А. @centr_psychology_abay