«Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында
27.11.2023 ж.Семей қаласы №8 мектеп-кешенінің 10 "Ә" сыныбымен «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Отанға адал қызмет етуге, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: