2020 жылдың қыс айы қалың қармен көпшілікті әуреге салғаны белгілі. Қарды тазалау, ауладан шығару жалғыз тұратын үлкен адамдарға біраз қиындық тудыратыны рас. Осындай көмекті қажет ететін жандарға көмек көрсету мақсатында «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деп, №8 мектеп- кешенінің 8 «Б» сынып оқушылар , ұл балалар мектеп жанында тұратын жалғыз басты апаға және бірнеше жанұяға аз да болса көмек көрсету мақсатымен , ауласын, үйінің маңын қалың қардан тазартып, ауланы тазартуға белсене қатысты. Балалар да ,қарт апамыз да мәз мейрам көңіл күймен үйлеріне тарасты