«Өмірі – өнеге» атты тәрбиелік іс-шара
Семей қаласы №8 мектеп-кешенінде 06.10.2023ж. Халық қаҺарманы, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нурмагамбетовтың 100 жылдығына орай «Өмірі – өнеге» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс шараға ҚР Қарулы күштерінің ардагері, подполковник Байгазиев Қуанышбек Нурсултанович, Ауған соғысының ардагері, майор Манасов Айдар Тортаевич құрметті қонақ ретінде шақырылып, 9 сынып оқушыларымен мәнді де мағыналы кездесу өтті.