29 қыркүйек күні ата-аналар жиналысы өтті
Семей қаласы №8 мектеп кешенінде 29.09.2023 ж.жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналар түлектердің қортынды аттастациясы туралы ақпараттармен таныстырылып, Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша ар-ұят, алғыс айту, ілтипат, талап сияқты құндылықтарды бала бойына сіңірудің маңыздылығы және күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік мәселелері қозғалды.