27
наурыз
2024
«Педагогикалық зертхана» атты ашық есік күні
Семей қаласы №8 мектеп-кешенінде 27.03.2024 ж. қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Педагогикалық зертхана» атты ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде биология пәні мұғалімдері Құрмашев Т.Т., Асылханова А.Б., Серикбаева А.Қ. өз тәжірибелерімен бөлісті. «Easy biology» семинар-практикумы барысында қатысушыларға «Ассоциация» әдісі арқылы таныстыру жүргізілді, Plickers әдісі,QR әдісі арқылы тапсырмалар, «Mozaik3D» білім беру қосымшасы туралы ақпарат беріліп, 10 сынып «Қан топтарына арналған генетикалық есептер» шығарылды.Адам қан қысымын өлшеу (тонометр), пульс, ЭКГ ,спирометр датчиктарын қолданып, топтық зертханалық жұмыстар орындады. Іс шараға қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қ.Р.Ахметкулова қатысты. «Easy biology» семинар-практикумы жоғары деңгейде өтті.