«Өрт кезіндегі іс-әрекеттер» профилактикалық оқу –жаттығуларын өткізді.
Семей қаласы № 8 мектеп-кешенінде 08.04.2024 ж.Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Қуанышев Б.К. профилактикалық оқу –жаттығуларын өткізді. Сынып жетекшілері мен қызметкерлерге «Өрт кезіндегі іс-әрекеттер» атты видеоролик көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ОП -5 өрт сөндіргіш құралын қолдануды практика жүзінде көрсетті. Оқу-жаттығуға ІІ ауысымның 600 оқушысы , 28 педагог- қызметкерлері және 12 техперсонал қатысты.