«Дарынды бала – ұлт болашағы» шеруі » Средняя общеобразовательная школа № 8
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№8 жалпы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7222) 32-12-99
Бухгалтерия
+7(7222) 42-11-11
Версия для
слабовидящих
«№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп кешені» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер
» » «Дарынды бала – ұлт болашағы» шеруі
15
мамыр
2024

«Дарынды бала – ұлт болашағы» шеруі




«Дарынды бала – ұлт болашағы» шеруі


№8 мектеп-кешенінде сәуір айының 15 күні «Дарынды бала – ұлт болашағы» атты дарынды балалар шеруі өтті. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Б.Қ.Курмангалиеваға беріліп,  түрлі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері атанған балаларға ізгі тілегін арнаудан басталды. Шеруге 100-ге жуық дарынды оқушылар мен оларға жетекшілік еткен мұғалімдер қатысты. Шеру барысында мектебімізді қала, облыс, республика, халықаралық көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі шәкірттеріміз марапатталды. 

Шерудің негізгі мақсаты мектепте және мектептен тыс әр түрлі ерекше қасиеттерімен дараланған оқушыларды анықтап, өз бетімен ойлап, өз білімін толықтыра, кеңейте білуден, өзінің ойлау жүйесін, зияткерлік дамуына ғана емес, олардың үлгі боларлықтай қасиеттерін дәріптеу, мектептегі оқушылардың бойындағы дара қылықтарын зерттеу, талантты, талапты оқушыны анықтап, оларды ынталандыру,  жан-жақты тұлғаны қалыптастыру болатын. Оқушыларды білім бәйгесіне баптаған пән мұғалімдері директордың Алғыс хатына ие болды. 

Дарынды балаларды қолдау мақсатында мектебімізде  жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Мектебімізді қала, облыс, республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді мақтан етеміз.





Средняя общеобразовательная школа № 8Общеобразовательная школа в Семее