Мектебімізде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! ашық тәрбие сағаттары өтті.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлықпен күрес адалдық акциясы аясында Семей қаласының № 8 мектеп- кешенінде 2020 жылдың 17 қаңтар күні 5- 8 сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ашық тәрбие сағатары өтті. Адалдық акциясының мақсаты қоғамның әр түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу профилактикалық жұмыстарын насихаттау , сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады.
Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қоя білетін ұрпақты тәрбиелеу біздің міндет. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.



