30 оқушы 2025 жылдың 10 шілде мен 19 шілде аралығында қала сыртындағы
Семей қаласы №8 мектеп кешенінің 30 оқушысы 2025 жылдың 10 шілде мен 19 шілде аралығында қала сыртындағы “Жас қанат” жазғы сауықтыру лагерінде демалып қайтты. Балалар жаңа достар тауып, әр күндерін қызықты, белсенді әрі пайдалы өткізді. Түрлі ойын-сауық бағдарламалар мен тәрбиелік іс-шаралар олардың көңілінен шықты. Оқушыларымыз жақсы көңіл-күймен, жарқын естеліктермен оралды. Ата-аналар лагерь ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіруде.