18
желтоқсан
2024
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарына сәйкес балалар кітапханасы жобасы аясында кітап жәрменкесі ұйымдастырылды
Cемей қаласы білім бөлімінің «№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ 18 желтоқсан 2024 ж. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарына сәйкес балалар кітапханасы жобасы аясында кітап жәрменкесі ұйымдастырылды. Кітап жәрмеңкесіне «Отбасы хрестоматиясы» топтамасы қорының Абай облысы бойынша өкілі, «Асық» мәдени оқырман клубының мүшесі Нұртай Бекзат шақырылып, 10-11 сынып оқушыларын кітаптар мазмұнымен танысырды. 11 «ә» сынып оқушылары (сынып жетекшісі: Тайтолеуова Р.К.) жәрмеңкеден бала Қаныш оқыған «Ер едіге» , «Кенесары», «Ғибратнама», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп –Зылиқа» кітаптарын және «Логотерапия немесе өмірге құштарлық» кітабын мектеп кітапханасына сыйға тартты. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын , ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
#Біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_Семей