16
наурыз
2026
Наурызнаманың онкүндігі аясында мектебімізде ұйымдастырылған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні ерекше өткізілді.
Семей қаласы білім бөлімінің «№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ 16.03.2026 ж. Наурызнаманың онкүндігі аясында мектебімізде ұйымдастырылған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні ерекше өткізілді. Аталған іс-шараға 5 «Б» сынып оқушылары белсене қатысып, ұлттық тағамдарды дәріптеуге бағытталған танымдық жұмыс ұйымдастырды.Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының дәстүрлі тағам түрлерін таныстырып, олардың дайындалу ерекшеліктері мен ұлттық мәдениеттегі маңызы туралы мәлімет берді. Бұл шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, салт-дәстүрімізді насихаттауға бағытталды. Сынып жетекшісі: Тайтолеуова Р. Қ.