«Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында психологиялық сағат
Семей қаласы № 8 мектеп-кешенінің 9-11 сынып оқушыларымен мектеп педагог-психологтері Нуржанова А.А., Абешева М.Б. ұйымдастыруымен «Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Мақсаты: Жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, қоқан-лоққы көрсетудің алдын алу. Сыйластыққа, бір-бірін қолдау көрсетуге тәрбиелеу. Құндылық: заң және тәртіп.