«Жер сілкінісі жағдайында сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді
Семей қаласы №8 мектеп-кешенінде 19.09.2024 ж. «Жер сілкінісі жағдайында әкімшілік, педагогикалық ұжым, жұмысшылар және мектеп оқушыларының іс-әрекеттері» тақырыбында Семей қаласының ТЖБ аға инженері Куанышев Б.К. қатысуымен сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.Ғимараттан қауіпсіз алаңға оқушылар, мектеп педагогтары мен кіші қызметкерлері сапқа тұрғызылып, штаб басшысы Ж.Сакыпджановаға есеп берілді. Оқу-жаттығуға -662 оқушы, 52 педагог, және 22 жұмысшылар қатысты.