24
мамыр
2024
«Білімім – Отаныма!» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты 1-10 сыныптар арасында өтті.

Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің №8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінде 2024 жылдың 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма!» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты 1-10 сыныптар арасында өтті. Іс-шараға Абай облыс білім басқармасының басшысы Н.Н. Ахметқалиев қатысып, Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы, Халықаралық ХІХ тунирде грек-рим күресінен ІІ орын алған және Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласы, Халықаралық тунирде грек-рим күресінен І орын алған, Эстония мемлекетінде грек-рим күресінен Халықаралық турнирде 3 орын алған 8 «г» сынып оқушысы Омарғалиев Әмірді алғыс хатпен марапаттады. Іс-шараға ата-аналар да қатысты.
Тәрбие сағатында балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімнің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу мақсаттары көзделді.