24
мамыр
2024
24 мамыр күні «Білімім – Отаныма!» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты 1-10 сыныптар арасында өтті.
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің №8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінде 2024 жылдың 24 мамыр күні «Білімім – Отаныма!» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты 1-10 сыныптар арасында өтті. Тәрбие сағатында балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімнің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу мақсаттары көзделді.Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Б.З.Булабаев педагог-қызметкерлерді, мектеп оқушыларын 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алдағы жазғы демалысты қауіпсіздік шараларын сақтай отыра қызықты әрі, пайдалы өткізуге тілек білдірді. Түлектерге ақ жол тілей отырып, алда болатын қорытынды аттестаттауға сәттілік тіледі.