"Еңбек түбі - береке" атты бірыңғай тәрбие сағаттары
2024 жылғы 23 қыркүйек күні Семей қаласы №8 мектеп-кешенінің 1-11 сынып оқушыларымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік" құндылығына негізделген "Еңбек түбі - береке" атты бірыңғай тәрбие сағаттары және қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларды өзінің және өзгелердің еңбек нәтижелерін бағалауға, уақытты тиімді жоспарлай білуге, кез келген іс-әрекеттің нәтижелеріне қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға үйретті.