09
наурыз
2020
"Мектеп Аруы- 2020" қыз сыны байқау
Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына Өмір, Жылылық, Әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келеді. Ана, осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар! Мектебімізде көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, бастауыш сынып, орта буынның әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздары арасында "Мектеп Аруы- 2020" мектепішілік байқаулары ұйымдастырылды. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу,әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу, табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу мақсатымен ұйымдастырылған байқауға қыздарамыз белсене қатысты.







