Халықтың қуаты – бірлікте!
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жаймашуақ күнде жарияланған төтенше жағдайда қазақстандықтар бір-біріне қолдарынан келгенше қолдау көрсетуде. Мемлекетіміз де , қаражатты бар мейірімді адамдар да осындай қиын уақытта көмекке мұқтаж жандарға өз көмектерін аямай, бірі азық түлік таратумен, бірі маска тігумен айналысуда.
Біздің де, Семей қаласының № 8 мектеп –кешені ұжымы қалыс қалмай, мектепте қызмет атқарып жүрген жасы үлкен бірнеше қызметкерді азық- түлікпен қамтыды. Сондай- ақ, мектепке үнемі демеушілік танытып жүретін, әрі мектебіміздің қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ахмеджанов Әміржан Тұрсынович бірнеше оқушының отбасына азық- түлікпен көмектесті.
Байсың ба, кедейсің бе қауіпті кесел келгенде көмек көрсету – адамдық парызымыз. Қазір адамдардың бір-біріне мейрім танытып, қол ұшын беріп жатқаны сезіледі. Үйден шықпау керек деген тәртіпке де бағынып жатыр.
Осы қиындықтан ел болып аман – есен өтуді тілейміз.