Оқу - тәрбие жұмысы » Страница 11 » Средняя общеобразовательная школа № 8
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№8 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-12-99
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-11-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
«№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп кешені» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер
2024 ж. 19 қазан күні сайланған Мектеп Парламенті президенттерінің қалалық ұлықтау  рәсімі өтті.
19
қазан
2024
2024 ж. 19 қазан күні сайланған Мектеп Парламенті президенттерінің
"Семей қаласының білім бөлімі" ММ ҚР Парламенті Мәжілісінің "Білім беру ұйымдарындағы мектеп парламенті" жобасын іске асыру мақсатында 2024 ж. 19 қазан күні сайланған Мектеп Парламенті президенттерінің қалалық ұлықтау  рәсімі өтті. Аталған шараға мектеп президенті Игимбаева Жанел қатысып,  Мектеп президенті куәлігін алды. #мектеппарламенті  #мектеп_парламенті
10 "В" сынып оқушылары Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат сабақ жасады
18
қазан
2024
10 "В" сынып оқушылары Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайына
18.10.2024 ж. Семей қаласы №8 мектеп-кешенінің 10 "В" сынып оқушылары Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат сабақ жасады.  Мақсаты: оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы туралы түсінік беру;  оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Қажытаева А.К.
М.Х.Дулатидің 525 жыл толуына орай «Мұхаммед Хайдар Дулати- қазақ тарихының жарқын жұлдызы» тақырыбында біріңғай тарих сабағы өтті
17
қазан
2024
М.Х.Дулатидің 525 жыл толуына орай «Мұхаммед Хайдар Дулати- қазақ
№8 мектеп-кешенінің 8 "А" сыныбында М.Х.Дулатидің 525 жыл толуына орай «Мұхаммед Хайдар Дулати- қазақ тарихының жарқын жұлдызы» тақырыбында біріңғай тарих сабағы өтті.  Тарих пәні мұғалімі: Тайтөлеуова Р.Қ.
Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай сынып сағаты өткізілді
14
қазан
2024
Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай сынып сағаты
Қазан айының 14-і күні №8 ЖОББМ 8«Ә» сыныбында Кеңес одағының батыры — Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Ахметжанова Мирагул
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы бойынша жыл сайын Қазақстан мұғалімдері арасында  «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» байқауы өткізілді.
03
қазан
2024
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы бойынша жыл
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы бойынша жыл сайын Қазақстан мұғалімдері арасында «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» байқауы өткізіледі.  Биылғы оқу жылында осы аталған байқауға мектебімізден 15 мұғалім қатысуға өтінім беріп, өз құжаттарын тапсырды. Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша біздің мектептің 7 бірдей мұғалімі жүлделі орындарға ие болды.  3-орын - Сулейменова Калимаш Амангельдиновна  3-орын – Омирбаев Олжас  Мейрамгалиевич 3-орын – Арынова Динара Кажимуратовна 2-орын –
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мектеп кітапханасына кітаптар сыйлады
01
қазан
2024
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мектеп кітапханасына
Cемей қаласы білім бөлімінің  «№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру  мектеп-кешені» КММ  зейнеткер ұстазы Ратушнова Валентина Павловна 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мектеп кітапханасына кітаптар сыйлады. Мектеп оқушылары мен ұстаздары ризашылығын білдіруде.
№8 ЖОББМ кешенінде мектеп және №32388 әскери бөлімшенің арасында меморандумға қол қойылды
26
қыркүйек
2024
№8 ЖОББМ кешенінде мектеп және №32388 әскери бөлімшенің арасында
2024 жылғы 26 қыркүйек күні №8 ЖОББМ кешенінде мектеп және №32388 әскери бөлімшенің арасында меморандумға қол қойылды. Меморандум мақсаты – оқушы бойындағы патриоттық тәрбиені дамыту, жастарды жоғары рухани-адамгершілік , азаматтық құндылықтарға тәрбиелеу. Мектеп директоры Б Курмангалиева және әскери бөлім командирі  полковник С. Кусаинов екі жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, бұдан әрі ынтымақ нығая түсетініне сенім білдіріп,  оқушыларға әскери патриоттық, ұлтжандылық жайлы
@dostyq.semey тест тапсыру орталығына бару
17
қыркүйек
2024
@dostyq.semey тест тапсыру орталығына бару
17.09.2024 ж.  Семей қаласы №8 мектеп- кешенінің 11 сынып оқушыларымен  @dostyq.semey тест тапсыру орталығына барып, сынама тест тапсырып өз білімдерін тексеріп қайтты. Оқушылардың өз мамандықтарын таңдауға бағыт бағдар беріп, кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Кәсіби бағдар беруші: А.Е Берікбаева.
«Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында психологиялық сағат
06
қыркүйек
2024
«Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында психологиялық сағат
Семей қаласы № 8 мектеп-кешенінің 9-11 сынып оқушыларымен мектеп педагог-психологтері Нуржанова А.А., Абешева М.Б. ұйымдастыруымен «Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді.  Мақсаты: Жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, қоқан-лоққы көрсетудің алдын алу. Сыйластыққа, бір-бірін қолдау көрсетуге тәрбиелеу. Құндылық: заң және тәртіп.
Средняя общеобразовательная школа № 8Общеобразовательная школа в Семее