«Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты ойын-сайыс
Семей қаласы №8 мектеп-кешенінің 7 "Ғ" сынып оқушыларының қатысуымен №6 кітапхана-бөлімшесінің кітапхана қызметкері «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты ойын-сайыс өткізді. Шараның мақсаты: оқушылардың білімдерін ортаға салу, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.