9-10 сынып оқушылары арасында QUIZ интеллектуалды ойынының екінші
18.03.2026 жылы №8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінің 9-10 сынып оқушылары арасында QUIZ интеллектуалды ойынының екінші кезеңі өткізілді. Қатысушылар қазақ әдебиеті мен тарих пәндері бойынша қойылған сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап беріп, өз білімдері мен ойлау қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік деңгейін дамыту және ұлттық құндылықтарды насихаттау.