Материалы за Қыркүйек 2024 года » Средняя общеобразовательная школа № 8
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№8 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-12-99
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-11-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
«№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп кешені» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер
» Материалы за Қыркүйек 2024 года
"Баланың бас ұстазы Ата-ана " тақырыбында  жиналыс ұйымдастырылды
28
қыркүйек
2024
"Баланың бас ұстазы Ата-ана " тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды
28 қыркүйек 2024 жылы "Семей қаласы №8 мектеп-кешенінде "Баланың бас ұстазы Ата-ана " тақырыбында  жиналыс ұйымдастырылды.  Бала тәрбиесіндегі үштік одақтың  маңызы, бала қауіпсіздігі мәселелерін ата-аналар топтарға бөлініп, ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.  Ұйымдастырушы 2 "г" сынып жетекші: Рахымжанова А.Б. #біртұтас_тәрбие_Семей  #біртұтас_тәрбие_абай_облысы_семей
Қала әкімінің «Қаланы абаттандыру және санитарлық тәртіп бойынша жалпықалалық сенбілік өткізу»
28
қыркүйек
2024
Қала әкімінің «Қаланы абаттандыру және санитарлық тәртіп бойынша
Қала әкімінің «Қаланы абаттандыру және санитарлық тәртіп бойынша жалпықалалық сенбілік өткізу» туралы Қаулысына сәйкес Cемей қаласы білім бөлімінің «№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық білім және тәрбие беру  мектеп-кешені» КММ  сенбілік ұйымдастырды.
9 сыныптар арасында өткен ата-аналар жиналысы
27
қыркүйек
2024
9 сыныптар арасында өткен ата-аналар жиналысы
Семей қаласы №8 мектеп- кешенінде 27 қыркүйек 2024 жылы Жақсылық Үшкемпіров атындағы 9 Г сынып спорт тәрбиеленушілерінің ата- аналарымен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу үлгерімі, ББЖМ  мәселелері бойынша  жиналыс ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі: Нуржанова Айгерим Армановна
11  сынып ата-аналар жиыны ұйымдастырылды
27
қыркүйек
2024
11 сынып ата-аналар жиыны ұйымдастырылды
Cемей қаласы білім бөлімінің "№ 8 мектеп-кешені" КММ 27.09.2024 ж. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 11  сынып ата-аналарымен "Жасөспірімдердегі ұйқы: Оқуға және мінез-құлыққа әсері" және "Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету- басты міндет" мәселелері бойынша ата-аналар жиыны ұйымдастырылды.  Ұйымдастырушылар 11 сынып жетекшілері: Иманжанова А.Т., Тайтөлеуова Р.Қ.
№8 ЖОББМ кешенінде мектеп және №32388 әскери бөлімшенің арасында меморандумға қол қойылды
26
қыркүйек
2024
№8 ЖОББМ кешенінде мектеп және №32388 әскери бөлімшенің арасында
2024 жылғы 26 қыркүйек күні №8 ЖОББМ кешенінде мектеп және №32388 әскери бөлімшенің арасында меморандумға қол қойылды. Меморандум мақсаты – оқушы бойындағы патриоттық тәрбиені дамыту, жастарды жоғары рухани-адамгершілік , азаматтық құндылықтарға тәрбиелеу. Мектеп директоры Б Курмангалиева және әскери бөлім командирі  полковник С. Кусаинов екі жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, бұдан әрі ынтымақ нығая түсетініне сенім білдіріп,  оқушыларға әскери патриоттық, ұлтжандылық жайлы
9-10 сыныпта оқитын қыздарға "Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" тақырыбында профилактикалық жұмыстар
26
қыркүйек
2024
9-10 сыныпта оқитын қыздарға "Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу"
Семей қаласы №8 мектеп кешенінде 26 қыркүйек 2024 жылы 9-10 сыныпта оқитын қыздарға "Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу" тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүрізілді. №6 емхана дәрігері Төкенова Алма Болатқызы  шақырылып, медициналық тұрғыдан кеңестер берілді. Ұйымдастырушы: мектеп психологтары
"Жасөспірімдердегі ұйқы: Оқуға және мінез-құлыққа әсері" және "Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету- басты міндет" мәселелері бойынша ата-аналар жиыны
25
қыркүйек
2024
"Жасөспірімдердегі ұйқы: Оқуға және мінез-құлыққа әсері" және "Бала
Cемей қаласы білім бөлімінің "№ 8 мектеп-кешені" КММ 25.09.2024 ж. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 9  сынып ата-аналарымен "Жасөспірімдердегі ұйқы: Оқуға және мінез-құлыққа әсері" және "Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету- басты міндет" мәселелері бойынша ата-аналар жиыны ұйымдастырылды.  Ұйымдастырушылар 9 сынып жетекшілері : Абеуова А.С., Ошан Г.А. #біртұтас_тәрбие_Семей  #біртұтас_тәрбие_абай_облысы  #біртұтас_тәрбие_abai  #АПҚО_Абай_облысы_Семей 
"Еңбек түбі  - береке" атты бірыңғай тәрбие сағаттары
23
қыркүйек
2024
"Еңбек түбі - береке" атты бірыңғай тәрбие сағаттары
2024 жылғы 23 қыркүйек күні Семей қаласы №8 мектеп-кешенінің  1-11 сынып оқушыларымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік"  құндылығына негізделген "Еңбек түбі  - береке" атты бірыңғай тәрбие сағаттары және қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларды өзінің және өзгелердің еңбек нәтижелерін бағалауға, уақытты тиімді жоспарлай білуге, кез келген іс-әрекеттің нәтижелеріне қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға үйретті.
20.09.2024.ж жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
20
қыркүйек
2024
20.09.2024.ж жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Семей қаласы №8 мектеп-кешенінде 20.09.2024.ж жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Күн тәртібінде: 1. 2024 жылға мектепте жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы директордың есебі 2. Ата-аналарды "Біртұтас тәрбие" бағдарламасымен таныстыру 3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігі туралы 4. Мектеп асханаларында мектептің тамақтануын ұйымдастыру бойынша мектеп комиссиясының жұмысы туралы есебі 5. Білім беру мекемелеріндегі проблемалық
«Қызға қырық үйден тыйым » тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
20
қыркүйек
2024
«Қызға қырық үйден тыйым » тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Семей қаласы #8 мектеп-кешенінің 7-8 сынып қыздарымен  «Қызға қырық үйден тыйым » тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.  Мақсаты:қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Средняя общеобразовательная школа № 8Общеобразовательная школа в Семее